Назипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі 2020 жылдың 10 сәуір күні жоспарлы «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру», «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, дәстүрлі «ҚҰЛЖАНОВА ОҚУЛАРЫ» аясында Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған «Ұлы ағартушылардың педагогикалық көзқарастарының казіргі білім беру үдерісімен үндестігі» тақырыбында студенттік аймақтық конференциясы сырттай өткізілді.
Конференцияның мақсат міндеттері: Халықтың мақтанышына айналған ұлы тұлғалардың педагогикалық көзқарастарына тоқталып, оларды біріктіретін ортақ күш бар екендігін: біріншіден, олардың бәрі өз еліндегі ағартушылық кемелденген дәуірінің жемістері болатын, екіншіден, бәрінің де негізгі ой-армандары елін, халқын жетілдіру, сауаттарын ашу, басқа халықтармен терезесін тең ету еді. Сондықтан олардың педагогикалық көзқарастары, шығармаларындағы сабақтастық, педагогикадағы ұлттық тәлім-тәрбие тұрғысында қарастыруы олардың бүкіл мұрасын зерттеу әлі де болса бүгінгі күннің еншісі.
Конференцияға педагогикалық институт студенттері, техникалық және кәсіптік колледждерінің білімалушылары, жалпы орта білім беретін мектептердің ғылыммен айналысатын жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Конференцияға:
- Абай мұрасы ұрпаққа ұлағат
- Әл-фараби мұрасына заманауи көзқарас
- Ұлы ағартушылар әдебиет және музыка әлемінде негізгі бағыттары бойынша мақалалар қабылданды.
Бірінші бағытқа 25 мақала, екінші бағыт бойынша 8 және үшінші бағыт бойынгша 8 жұмыс келіп түсті. Жалпы саны конференцияға 8 оқу орынынан, 40 –тан астам мақала келіп түсті. Мақалалар қазылар алқасының іріктеуінен өткізіліп, 30 жұмыс жинаққа топтастырылды. Мақалалар сарапталып, төмендегідей жүлделі орындар анықталды.
1 орын Ы.Алтынсарин атындағы АрМПИ студенті Жахина Дана Сагындыковна «Абай актуален во всех времена» мақаласы
2 орын Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушысы Елеусіз Ұлпан Жасұланқызы«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты мақаласы
2 орын Сайлаубекова Аружан Курмангазиевна «Бастауыш білім беру» мамандығының БМ -11 тобының студенті «Абай мұрасы - халықтың рухани байлығы» мақаласымен
3 орын Сейдагазин Бекзат Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің муз 4 курс студенті «Абай мұрасының танымдылық тағылымдық мәні» иақаласымен
3 орын Сағынған Дильназ Алпысқызы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының 3 курс студенті, «Оқушылардың Абай шығармашылығын зерттеу арқылы рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруы» атты мақаласы
3 орын Бурабай Арайлым Қанатқызы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» мамандығының 2 курс студенті «Абайтану және рухани жаңашылдық» тақырыбындағы мақаласы
Номинация
- Сайлаубек Нұрбибі Жеңісбекқызы «Абай және музыка әлемі» мақаласы , «Ғылыми жұмыстағы алғашқы тәжірибиесі үшін» номинациясына,
- Кабсалыкова Саяжан Қасқырбекқызы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының 3 курс студенті,«Абай деп соғар жас жүрек» мақаласы «Ғылыми және терең ізденісі үшін» номинациясымен марапатталды.
- Баймендинова Айымгул Канатовна Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының 3 курс студенті,«Переводческая деятельность Абая Кунанбаева» мақаласы «Тақырыпты ұсыну ерекшелігі үшін» номинациясымен марапатталды.
Қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды. Жүлдегерлер дипломдармен және ғылыми жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.
Конференция материалдары топтастырылған жинақ бойынша ISBN номерін алуға сұраныс жіберілді, кітапша дизайны бойынша жұмыстар жасалып, мақалаларға редакторлық өңделу барысында.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/100-ly-t-l-alar-la-atyna-arnal-an-studentter-konferentsiyasy-tkizildi.html#sigFreeIdccc7d013a3