Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Жер жаһанды жаулап, әлемді әлекке салып жатқан тәж вирусының қауіптілігі мен салдары баршамызға аян.

Бүгінгі таңда қазақ  елі әлем жұртшылығымен бірге елеулі кезенді өткізіп жатыр. Алайда, біз бұл сынақты да жеңеміз. Осы орайда Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі. Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен қала тұрғындарына тегін маска таратылды. Халықтың ыстық ықыластары мен ізгі тілектеріне бөленіп, ақ батасын алған еріктілеріміздің сезімдерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Еріктілеріміз тұрғындарға бұл таққан маскаларыңыз соңғысы болсын, бұдан кейін ешқашан ауырмаңыздар деген жүрек жарды лебіздерін білдірді. «Ғасырлар мақсаты - қоғамның нарықтық қарым - қатынасқа  көшу кезінде саяси - экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан - жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру» Біз елі үшін қызмет етуге әзір студенттерімізбен  мақтанамыз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, осындай игі бастамамызға қолдау білдірген «Таңжарық» маталар дүкеніне өз алғысымызды білдіреміз. Қиын қыстау кезде сынаққа сынып кетпеу үшін біздің қолымыздан келетіні сақтық шараларын қатаң ұстанып, үйде отыру арқылы өз денсаулығымызды, қоғам денсаулығын сақтау. Ендеше, үйден тезірек шыққыларыңыз келсе, үйден шықпаңыздар!! Осы орайда сөзімнің соңын ақын Сара Тоқтамысованың жыр жолдарымен аяқтағым келеді: бұл ауру бәрімізді теңсіретті, кей кезде кеуде керіп шіренеміз, енді біз тұтастықты танытайық бірліксіз тығырыққа тірелеміз, Сәуірде карантиннен шығаршы деп, жамағат боп Алладан тіленеміз, одан соң оразаның айы келіп, шайтанды карантинге жібереміз!!! Біз бұл кезеңнен де сүрінбей өтеміз, «Біз біргеміз»!!! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Жақсылықта жарысайық достар.