"Ардагерлер – асыл ерлер!" атты кездесу кеші өтті
1979 жылы Ауғанстан жерінде болған зұлмат соғыста Кеңес әскерлері қайталанбас қаһармандық танытты. Ауған соғысы біз үшін тарихи күн. 1989 жылы ақпан айының 15–інде Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шыққан күні. Биыл, міне, 33 жыл болыпты. Мейлі өзге елде болсын, халықтың тыныштығын қалаған батырларымыздың басым бөлігі сол бір сұм жылдарда майдан даласында қаза тапса, тағы бірі із – түссіз жоғалып кетті. Ауғаныстандағы соғыс тек қана өлім мен жарақаттану, психиканың бұзылуы ғана емес, сонымен бірге батылдық адалдық, достыққа үйретті. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубының ұйымдастыруымен мәжіліс залында 14 ақпан күні "Ардагерлер – асыл ерлер!" Ауған соғысы ардагерлермен кездесу кеші өтті. Соғыс әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ сарбаз қандай соғыстада сарбаз. Осында кеуделері орден медалға толы ағаларымыз кезінде он сегіз, он тоғыз жасында от кешті, ажалмен бетпе-бет келді. Бүгінде бұл кісілердің көбісі елуді еңсеріп ел ағалары болып, осы Тәуелсіз Қазақстанның экономикасын көтеруге, патриоттық сезімін жастардың дамытуға еңбек сіңіріп жатыр. Қоғамның әртүрлі саласында қызмет көрсетіп келеді. Кештің басты қонақтары Арқалық кеден қызметі, ауған ардагерлер кеңесінің бас маманы Бальдиков Марат Батырханович және МАЙ инспекторы қызметін атқарушы, подполковник! Қазіргі уақытта міндетті демалыста Кунаков Тимур Шамилевич. Кездесу барысында ардагерлермен сұхбаттасып, тағылымды тағдырларына шолу жасалды. Есіл ерлердің құрметіне күмбірлете күй тартылды, әуезді ән орындалды. Сонымен қатар "Ашық микрафон" айдарында жастардың көкейкесті сұрақтарына батырларымыз жауап берді. Кеш соңында ардагер-асыл ерлерге құрмет көрсетілді. Колледж атынан алғыс хат пен сый ұсынылды. Ағалармымыз жас өрендерге батасын беріп, ұйымдастырушыларға рахмет айтты. Ортамызда жүрген ауғандық жауынгер ағалар, бейбіт өмірдегі жарқын істеріңіз, қоғамдық жұмыстарда белсенділіктеріңіз, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектеріңіз қазақ жастары үшін нағыз ерліктің шынайы үлгісі болып қала береді, біз сіздерге қарап бой түзейміз. Бүгінде біз бейбіт елдің жастары, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын, Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтарымызды құрмет тұтуға міндеттіміз.
Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы: Оразов Ниязбек Рамазанұлы
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1027-ardagerler-asyl-erler-atty-kezdesu-keshi-tti.html#sigFreeIdcb20c39a4d