«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 2 курс МД-21 тобының білім алушыларымен 27 сәуір- 02 мамыр 2020 оқу жылы аралығында «Білім алушылардың таңдауы бойынша» педагогикалық тәжірибесі қашықтан оқыту форматында әдіскер Аубакирова Толкын Утешовна ұйымдастырды.
Білім алушылар өз мамандықтары бойынша перспективалық жоспардың жасалу жолдары, ұйымдастырылған оқу қызметінің бөлімдері,циклограмма,ата-аналар жиналысының жоспары, хаттамасы, көрнекіліктер, тәрбиешінің бір күндік жұмысының түрлерімен танысты. Күнделіктерін толтырып WhatsApp,EduPage бағдарламасы арқылы әдіскерге жіберді.
Нургазиева Бакытира Акансериевна
директордың оқу өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/107-ashy-tan-o-ytu-ar-yly-tken-pedagogikaly-t-zhiribe.html#sigFreeId22843d8f9a