Мәңгілік тірлік тапқан ақынның туғанына биыл 175 жыл толды. Бұл жағы өлмес ақынның таусылмас өмір жолының бір кезеңі. Әрине, тойдың аталып өтілер салтанатты уақыты алда. Сондықтан қазіргі айтар сөз сол келер күнгі торқалы тойдың бастамасы болса керек.
Елбасымыздың «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі – бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы Қазақ елін, қазағын биіктерге, асуларға шақыра береді.», - деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланатынын аңғартады. Биыл - еліміз үшін мерейлі жыл. Ұлы ақынның 175 жылдығы елімізден бөлек, ішіктің ішкі бауындай етене жақын араласып отырған шет мемлекеттерде аталып өтілуде, хакім Абайдың даналығы кеңінен насихатталуда. Осы орайда «Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығының» ұйымдастыруымен Елімізде орын алып жатқан төтенше жағдайға қарамастан Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай тыңдаушылар арасында «Текті Абайдың үлгі ал, өскелең жас!» шығармашылық бейне байқау өтті. Байқау үш кезеңнен тұрды:
I кезең «Асыл сөзді іздесең...» - Абай Құнанбайұлының даналық сөздерін латын графикасында (соңғы нұсқадағы алфавит бойынша) жазып жіберу.
I кезең «Өлең - сөздің патшасы...» үміткерлер Абайдың кез келген өлеңін жатқа оқып, видеоға түсіріп жіберді соңғы III кезең де, «Абай қара сөздері – даналықтың шыңы» Абайдың кез келген қарасөзін мәнерлеп оқып видео арқылы жолдау болып табылды. Сонымен қатар шығармаларды оқу барысында қатысушылардың музыкалық фонға, шығарма тақырыбына сәйкес атрибуттарға, түрлі көріністерге мән берілді. Қаламыздан бірнеше қатысушылар өз бақтарын сынап, белсенділік танытты. Солардың бірі де, бірегейі Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінен бейнебайқауға қатысып, жүлделі II орынға ие болған Акылбекова Луиза Бекетовна, дәл осындай мәтінде жүлделі III орынға ие болған Оразов Ниязбек Рамазанұлы, сонымен қатар «Текті Абайдан үлгі ал, өскелең жас!» бейне байқауына қатысып, белсенділік танытқаны үшін Оразова Гүлхашима Қуандықовна «Алғыс хатпен» марапатталды. Абай шығармаларындағы ой – тұжырымдар әрбір жастың бойында халқына, елі мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтырады. Сондықтан Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақ санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру - ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамдардың бірі. Абай арманы - халықтың асқақ арманы. Халқымыздың аманаты мен арманын орындау жолында аянбағанымыз абзал! Біздің ұлт болып бірлесуіміздегі, ел болып дамуымыздағы басты құндылық - Абай мұрасы деп санаймын.
Н:Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің
Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы: Оразов Ниязбек Рамазанұлы
Арқалық қаласы
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/111-tekti-abajdan-lgi-al-skele-zhas.html#sigFreeId520651455d