Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі қашықтан оқытуына байланысты қаламыздағы Кейкі батыр атындағы № 4 орта мектебінің 9-11 сынып түлектерімен ZOOM бағдарламасы арқылы Онлайн форматында «Ашық есік» күнін өткізді.
Түлектерге колледждің қабылдау комиссиясының төрайымы Сейткожина Акбота Серикбаевна абитуриенттерге білім беру бағдарламалары жайлы ақпарат ұсынды және қабылдау комиссиясының ережелері, гранттар мен жеңілдіктер және онлайн режимінде қабылдау туралы барлық сұрақтарға жауап берді. Үйлерінен шықпай-ақ, абитуриенттер оқу орнына түсу ережелері мен студенттік өмір жайлы білді.
Жақын арада біздің есігіміз сіздер үшін айқара ашылады деп үміттенеміз, әрі біздің колледжіміздің білімалушысы болуға шақырамыз!
Нургазиева Бакытира Акансериевна
директордың оқу өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/113-ashy-esik-k-ni-onlajn-formatynda-tti.html#sigFreeId11acc68bbb