Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Арқалық қаласы Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде 27 сәуірінде Нәзипа Құлжанованың 135 жылдығына арналған  «Нәзипа Құлжанованың рухани мұрасын заманауи бағытта жаңартылған білім берумен ұштастыру» тақырыбында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілуде

 

            Конференцияның негізгі мақсаты қазақ даласында білім мен ғылымның қалыптасып, дамуына үлесін қосқан тарихи тұлғалар, қазақ ұлтының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов пен  мектепке дейінгі тәрбие мен  оқытудың негізін қалаған тұңғыш журналист-публицист Назипа Құлжанованың шығармашылығы мен өмір жолын насихаттау. Көрнекті, ойшыл педагогтардың мерейтойларына арналған конференция, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рухани және ғылыми-білім беру мұраларының маңыздылығы мен терең құрметінің жарқын дәлелі болып табылады. Сондай-ақ, конференцияда жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы білім беру үрдістері мен перспективаларын талқылау жоспарлануда. Конференцияның негізгі бағыттары: Ұлттық педагогиканың жаңартылған білім берумен сабақтастығы; Ахмет Байтұрсынов - ұлттық білім беру жүйесінің негізін салушы; Н.Құлжанованың мектепке дейінгі білімнің дамуына қосқан үлесі

Конференцияға қатысу формасы: іштей және сырттай.  Пленарлық отырыста іштей (колледж қабырғасында) өткізілуде. Ал секция бойынша отырыс онлайн форматта ZOOM бағдарламасы арқылы баяндамалар қорғалады.      Пленарлық отырыста Семей және Қостанай қаласынан келген қонақтар баяндама жасада.

                Конференция жұмысына республикамыздың 6 облысынан педагогтар қатысты. Конференцияның пленарлық отырысында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Оспанов С. сөз алды, Семей қ. М.Әуезов атындағы Педагогикалық колледжінің директоры Ш.А.Жанаева өзімен бірге алып келген Құлжановтар отбасы туралы сирек кездесетін тарихи материалдарды колледждің Н.Құлжанованың бұрышына ұсынды. Конференцияның шарықтау шегі екі педагогикалық колледж арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды. Барлығы 200-ден астам материал ұсынылды. Конференция қала өміріндегі резонанстық оқиғаға айналды, педагогтар Құлжановтар отбасының мұрасы мен өмір жолын зерттеудегі колледждің үлесін жоғары бағалады.