Киелі кесенелердегі еңбек десанты
"Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша «Жасампаз» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сакралды Қазақстан: Отанымыздың қасиетті жерлері» республикалық және өңірлік маңызы бар ескерткіштерін танымал етуге және олардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар(экологиялық серпантин, экологиялық жастар десанты, «Қасиетті Қазақстан: біздің аймақтың қасиетті орындары» тарихи экскурциясы) өткізу жобасы жұмысы бастау алды.
Жоба мақсаты: . Екідің, Жаңақала, Қайыңды ауылдарының жастарын тарта отырып, жоғары оқу орындарының студенттері, Арқалық қаласының еріктілері үшін республикалық және өңірлік деңгейдегі киелі орындарға практикаға бағытталған іс-шараларды өткізу барысында Қостанай облысының оңтүстік өңірін зерттеуге негіз болған археологиялық ескерткіштер, табиғи және мәдени объектілер, сипатталған сынақтан өткен туристік бағыттар туралы бұрын жиналған ақпаратты пайдалану ұсынылады. 2. Тарихи- мәдени мұра объектілерінің іргелес аумақтарын абаттандыруға экологиялық және еңбек десантын ұйымдастыру.
Жобаны жүзеге асыру бойынша студент жастар құрамынан жасақталған 20 адамнан құралған еңбек десанты 18 мамыр күні Екідің, Жаңақала, Қайыңды ауылдарындағы республикалық және өңірлік маңызы бар ескерткіштерге барып тарихымен танысып,ақпарат жинақтап, тарихи- мәдени мұра объектілерінің іргелес аумақтарын тазартып, абаттандыруға экологиялық және еңбек жұмыстары ұйымдастырылды.
Туған жердің тарихымен бетпе бет кездесіп, ерекше тарихи құндылыққа қаныққан жоба қатысушылары бірнеше пайдалы істің басын тоғыстырды. Біріншіден туған жердің ешқандай аймақта жоқ ерекшелігімен танысса екіншіден қз ізденіс зерттеу жұмыстарына арқау боларлық тың тақырыптар ашты. Тылсым тарихтан сыр шерткен ескерткіштердің айналасын тазартып, экологиясын жақсартуға өз үлестерін қосқанына дән ризашылығын білдірді. Бұған дейін дәл осылай тарихпен бетпе бет келмегендерін және рухани демалғандарын жасыра алмады. Табиғат аясында еңбек етіп, таза ауада тамақтану қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Жоба шеңберінде қатысушыларға таңертеңгі ас пен түскі ыстық тамақ ұйымдастырылды.
Тарихи орындарға ұйымдастырылған еңбек десандының жұмысы алдағы уақытта әле де жалғасын табады. Сондай ақ жобаға жергілікті жер жастарын тарту да қолға алынған. Жобамен жұмыс қорытындысы ретінде еңбек жастары форумын ұйымдастыру жоспарда бар. Жоба бойынша жұмыс қыркүйек айына дейін жалғасын табады.
Жоба қатысушысы:
Оразова Гулхашима Қуандыққызы
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1138-ar-aly-alasy-kimdigini-m-deniet-zh-ne-tilderdi-damytu-b-limi.html#sigFreeIdbca552c4a1