«Іскер жастар кеңесі» ҚБ Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Облысымыздың оңтүстік өңірінде ауылдық ҮЕҰ ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру» жобасын іске асыру шеңберінде, бастамашылық топтар, мемлекеттік органдар, бизнес - құрылымдардың өкілдері Қостанай облысы Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелдин аудандары ҮЕҰ әлеуметтік идеялар мен жобалары аймақтық Жәрмеңкесіне қатысып, әр мекеме өздерінің жобаларын ұсынып, бақтарын сынады.
Қазіргі таңда керекті жәнеде өзекті мәселер қозғалып, әділ қазы алқаларының сараптауымен бақылауында болды. Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінен екі жоба ұсынылып, білім алушы Қапсалықова Саяжанның жобасы «Отбасы институтын нығайту және отбасылық құндылықтарды насихаттау» тақырыбында болса, келесі кезекте оқытушы Оразов Ниязбек «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбында жоба қорғады. Осы бір жоба әділқазылар алқасының көңілдерінен шығып, жоба қабылданып, Сертификатпен марапатталған жайымыз бар. ӘЛЕУМЕТТІК ИДЕЯЛАР МЕН ЖОБАЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ - бұл жергілікті қоғамдастықтың проблемаларын шешуге бағытталған үздік идеялар мен жобаларды көрсету үшін ҮЕҰ мен бастамашыл топтардың барлық өкілдерінің тең қол жетімділігі бар алаң. Жәрмеңкені ұйымдастырушылардың негізгі міндеті - халықтың сұраныстарын ескере отырып, одан әрі жүзеге асыру үшін ең өзекті идеялар мен жобаларды таңдап алу болып, табылады.
Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы:
Оразов Ниязбек Рамазанұлы
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/114-leumettik-ma-yzdy-ideyalar-men-zhobalar-zh-rmenkesi.html#sigFreeId59caa93748