«Нәзипа ізімен»
Ағымдағы жылы колледжге аты берілген Нәзипа Сегізбайқызы Құлжановаға 135 жыл толып отыр. Осыған орай жоспарға сәйкес колледжімізде Республикалық конференция ұйымдастырылды. Конференцияға жан-жақтан қонақтар келді, соның ішінде Нәзипа Сегізбайқызы жұмыс жасаған Семей М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің директоры Жанаева Шағангүл Алдамжарова арнайы қонағымыз болды. Қонағымыз Нәзипа және Нұрғали Құлжановтар туралы құнды деректерді колледжге тарту етті. Осы деректермен колледж оқытушылары мен студенттерін таныстыру мақсатында H.Құлжанованың 135 жылдығына орай колледж кітапханасында Н. Құлжанованың өмірі мен шығармашылығы жайында білім алушылармен БМ -42, БМ 31, БМ 21, МД 31, БМ 22, БМ 12,
БМ 13 топтарына үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Барлығы 135 білім алушы қатысты. "Нәзип Құлжанова-қаламы жүйрік журналист, талғамы биік жазушы" тақырыбында слайд көрсетілді. Сонымен қатар білімалушыларға "Нәзипа ізімен" атты бинеролик көрсетілді. Алдағы уақытта Н.Құлжанованың өмірі мен шығармашылығына арналған іс -шаралар жалғасын табады.
Колледж кітапханашысы Мухамеджанова Айнур
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1140-n-zipa-izimen.html#sigFreeId4cd666f04f