Қостанай облысында 16-26 мамыр аралығында бірнеше мамандықтар аясында «WorldSkills Kostanay - 2022» чемпионаты өткізілді. Аталмыш чемпионатқа қаламыздағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінен «Бастауыш білім беру» мамандығы аясында Ақылбекова Луиза Бекетқызының жетекшілігімен БМ – 42 тобының студенті Үшқас Ақбота Елдосқызы және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша Хасенова Зайгуль Рашитовнаның жетекшілігімен МД – 42 тобының студенті Бурабай Арайлым Қанатқызы қатысып қайтты. Конкурстық тапсырмада дәйекті түрде орындалатын бірнеше модульдер аясында өткізілді. Бағалау - модульдердің жұмысына қатысты да, конкурстық жұмысты орындау процесіне қатысты да жүргізілді. Конкурстық тапсырма А, В, С, Д модульдер бойынша орындалып, уақыты мен егжей-тегжейін байқау шарттарына байланысты эксперттер мен тәуелсіз эксперттер қадағалап, баллдық жүйеде бағалап отырды.
Чемпионат өтетін күні конкурстық тапсырма модульдерінің мазмұны мен тәртібімен, сондай-ақ оларды орындаудың қауіпсіз тәсілдерімен,құрал-саймандар мен жабдықтардың жарамдылығы бойынша чемпионатқа қатысушылар танысып отырды. Әр модуль сайын жеребе негізінде кезекті нөмірлері анықталып отырды.
А Модулі бойынша,интерактивті жабдықтарды пайдалана отырып, оқу пәндерінің бірі бойынша бастауыш сыныптарда сабақ фрагментін әзірлеу, әдістемелік сүйемелдеу және өткізу яғни жаңа білімді ашу кезеңі аясында өтті.
В Модулі негізінде, оқу пәндерінің бірі бойынша нақты тақырыпты меңгеруді қамтамасыз ететін деңгейлік оқу тапсырмаларын блум таксономиясы негізінде әзірлеп сол жұмысын көрсету болды.
С Модулі аясында мұғалімнің жеке сайтын құру мұндағы негізгі мақсаты берілген тақырып бойынша интернет-ресурспен жұмыс істеу қабілетін көрсету болып табылды.Сайтттың құрылымдық бөлімдеріне сәйкес теориялық, әдістемелік, тәрбиелік материалдарды да жүйелі түрде болуы маңызды рөл атқарды.
Д Модулі виртуалды турды дайындау және өткізу.( Module D. Preparation and conduct of a virtual tour). Мұндағы негізгі түйін, 5 обекът негізінде тур жасау және бұл модуль ағылшын тілінде қорғалды. Осындай чемпионатта «Бастауыш білім беру» мамандығының студенті Үшқас Ақбота Елдосқызы өзінің білімділігімен, жан – жақтылығымен ерекше көзге түсіп жүлделі II орынға ие болып, күміс медаль иегері атанды. Бүгінде Ақбота колледжіміздегі үздік студенттеріміздің бірі. Сондай – ақ, МД – 42 тобының студенті Бурабай Арайлым Қанатқызы да алғыс хат пен сертификатка ие болды. Біз, осындай білімді, жаңашыл білімалушыларымызбен мақтанамыз!
Қостанай облысы, Арқалық қаласы.
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Арнайы пәндер оқытушысы
Ақылбекова Луиза Бекетқызы
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1153-worldskills-kostanay-2022-chempionaty.html#sigFreeIdc9bb6ddd02