Елдегі төтенше жағдайдың орын алуына байланысты білім беру саласында, соның ішінде колледжімізде қашықтан оқыту бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі.
16 наурыздан бастап, колледжіміз «EduPage» платформасында жұмыс жасап келеді. Жаңа жағдайда жұмыс жасаудың өзіндік қиындықтары мен жетістіктері қатар жүрді деуге болады. Әрине негізгі ауыртпашылық ұстаздарымызға тиді, дегенмен талап қойылғаннан кейін оқытушылар қиындықты жеңіп шығып жатыр.
Осы орайда колледжіміздің оқу-әдістемелік бөлімі «Колледждегі қашықтықтан білім берудің қазірігі жағдайы мен келешегі» тақырыбында 2020 жылдың 9 маусымында онлайн-вебинар өткізілді.
Вебинарда оқытушыларымыз келесідей сұрақтар бойынша баяндамалар оқып, өз тәжірибелерімен алмасты. Атап айтсақ, «Қашықтан оқытудың мүмкіндіктері мен перспективалары» тақырыбында музыка бөлімінің оқытушысы Н.В. Маранова, «Курстық жұмыстарды онлайн режимінде қорғаудың тиімділігі мен қиындықтары» тақырыбында бастауыш білім беру мамандығының оқытушысы Л.Б. Ақылбекова, «Түсірілген бейне-сабақтарды сараптау және жетілдіру» тақырыбында колледж әдіскері Г.Қ. Оразова баяндама оқыды.
Оқытушылар тарапынан сұрақтар қойылып, әлі де болса қашықтан оқыдуды жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар жасалды.
Тыңдаушылар қашықтан оқытудың тиімді жақтарымен қатар тиімсіз тұстарын, қиындықтарын да айтуда.
Дегенмен қашықтан оқыту – заман талабы, сондықтан оқытушылар мен білім алушылар ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет, өйткені адамдар үшін қашанда бірінші орында денсаулық болып табылады.
Едресова Камшат Ғалымжановна
Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/116-kolledzhdegi-ashy-ty-tan-bilim-berudi-azirigi-zha-dajy-men-keleshegi.html#sigFreeId08912d7b27