«Аққуды аспандағы қондырған күй»
атты өңірлік Күй тартыс байқауы өткізілді.
2 шілде Арқалық қаласында домбыра күні қарсаңында ұлттық аспабымызды ұлықтауға арналған кешенді іс шаралар ұйымдастырылды. Кешенді шаралар шеңберінде Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі жанынан құрылған «Жасампаз – жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өңірлік «Күй тартыс» байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Шарға облыс республика көлемінде өнерпаздар қатысуға ниет білдірді. Байқау ережесі бойынша құрамы 10 адамнан кем емес ұлт аспаптар ансамблі үш күй орындау сұралды. Қазылар алқасы ансамбль өнерін бағалауда: Ансамбльдердің орындаушылық шеберлігі;
– Ансамбль құрамы,тартылған аспаптар түрілігі;
– Сахна мәдениеті мен киім үлгісі;
– Киімдердің үйлесімділігі талаптарын басшылыққа алды.
Байқауға Ұлытау облысы, Жезді кенінен «Домбыра Дастан» ұлт аспатар ансамблі, Қостанай қаласы «Мирас» мәдениет үйінен «Мирас» ұлт аспаптар ансамбілі, Наурызым ауданынан «Наурызым әуендері», Сарыкөл ауданынан «Сарыкөл сазы», Жанкелдин ауданы, Болат Хамзин атындағы өнер мектебінен «Дала сазы», Аманкелді ауданынан «Халықтық әуен», Арқалық қаласы, Бақытжан Байқадамов атындағы саз мектебінен «Арқа сазы», Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінен «Мұрагер» ұлт аспаптар ансамблі қатысып өнер көрсетті. Ерекше халық ықыласынан бөленген ансамбльдер жүлделі орындарға ие болды.
Байқау төрешілері:
- Әбенов Боранбай Қазыбекұлы - қазылар алқасының төрағасы- ҚР мәдениет қайраткері, Арқалық қаласының құрметті азаматы, үздік дерижер
- Жүсіпова Балым Сейтхановна – жоғары музыкалық білімді маман, Бақытжан Байқадамов атындағы саз мектебінің бөлім меңгерушісі, кәсіби ұстаз;
- Мұханбетжановна Тұрсынай Сабитбековна – Жоғары музыкалық білімді маман, Кейкі батыр атындағы №4 орта мектебінің ұстазы.
Байқау қорытындысы бойынша
«Күй өнерінің жаухары» Аманкелді ауданы, «Халықтық әуен»;
«Күй өнерінің қазынасы» - Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінен «Мұрагер» ұлт аспаптар ансамблі;
«Ұлттық өнер жанашырлары» - Наурызым ауданынан «Наурызым әуендері;
«Күйшілік өнер майталмандары»- Сарыкөл ауданынан «Сарыкөл сазы»;
«Сахна шебері» - Ұлытау облысы, Жезді кенінен «Домбыра Дастан» ұлт аспатар ансамблі иеленді жүлделі орындар:
1 орын және 300 000 тенге қаржылай марапатпен - Қостанай қаласы «Мирас» мәдениет үйінен «Мирас» ұлт аспаптар ансамбілі;
2 орын және 200 000 тенге қаржылай марапатпен - Арқалық қаласы, Бақытжан Байқадамов атындағы саз мектебінен «Арқа сазы» ұлт аспаптар ансамбльі;
3 орын және 100 000 тенге қаржылай марапатпен - Жанкелдин ауданы, Болат Хамзин атындағы өнер мектебінен «Дала сазы»ұлт аспаптар ансамблі марапатталды. Барлық номинация иелеріне 20 000 тенгеден қаржылай сыйлықтар берілді. Марапаттау рәсімі кешкі сағ 20-00 де орталық стадионда беріліп, жеңімпаздардың орындауында «Галла концерт» өткізілді.
«Жасампаз - жастар ұйымы» ҚБ –
үйлестірушісі Бөлтірік Жансая Алмасқызы
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1165-a-udy-aspanda-y-ondyr-an-k-j.html#sigFreeId87b2ec28e0