Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Жас педагог болып колледж табалдырығын аттағаннан бастап өмір бойы білім алу, өмір бойы үйрену бұрыңғыдан артпаса, кемімейді. Соның ішінде әріптестерінен үйрену  өте маңызды.

Жас маман болып колледжімізге келген мұғалімдерімізге  педагогикалық та, психологиялық та, әдістемелік те қолдау көрсету сол ұжымның ішіндегі тәжірибелі ұстаздарға жүктелген аса жауапты міндет, соның ішінде оларға бекітілген тәлімгерлеріне.

Дәл бүгінгі күні колледжімізде алты жас педагог жұмыс жасайды. Олардың әр қайсына тәлімгерлер бекітіліп, бірігіп өз жоспарларлары бойынша жұмыс жасайды, ол жұмыстардың бір көрінісі ретінде биылғы оқу жылында колледж қабырғасында өткізілген «Педагогикалық тандем» конкурсының өткізілуін айтып өтуге болады.

Қазіргі таңда жас мамандар жаңа технологияны жақсы меңгергенімен, теориялық білімі жақсы болғанымен, әдістемелік және психологиялық жағынан қолдауды қажет етеді.  

Жас мамандардың білім ордасына келуі білім алушылар үшін де, ұжым үшін де қуаныш деуге болады. Сондықтан жас мамандардың белсенді жұмыс жасауы, тәжірибелі ұстаздармен бірлесіп еңбек етуі үздіксіз жүйелі процесс болуы қажет.

Осы тұрғыда Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі 2020 жылдың 12 маусымында «Жас мамандармен жұмыс - ортақ іс» тақырыбында Арқалық қаласының «Ақбота» балабақшасымен бірдесіп, онлайн түрінде әдістемелік кеңес өткізді.

Онлайн-вебинарда оқытушыларымыз және балабақшадан келген әріптесіміз келесідей сүрақтар бойынша баяндамалар оқып, өз тәжірибелерімен алмасты.

Атап айтсақ, «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда сурет салуда дәстүрден тыс тәсілдерді қолдану» тақырыбында «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі Жиенбай Қарлығаш Бауыржанқызы, «Жас мамандардың кәсіби қабілеттерін дамыту» тақырыбында тәлімгер Абжанов Азамат Жарылғапович,  «Білім беруді жаңғыртуда жас мамандардың рөлі» тақырыбында колледжіміздің жас маманы  Сапарова Айдана Асқарқызы  баяндама оқыды.

Оқытушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жас мамандармен жұмыс жасайтын «Жас маман мектебінің»  жұмысын одан әрі жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар жасалды. Сонымен қатар колледжіміздегі жас мамандардың жетістіктерін бағалап, колледжіміздің абыройын асқақтауға қосқан үлестері туралы да жақсы пікірлер айтылды. Қорытындылай келе, ең бастысы колледж ұжымында жас мамандарға дер кезінде көңіл бөлініп қолдау көрсету өте маңызды.