Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі жаңа оқу жылында өз студенттеріне есігін айқара ашты. Биылғы жылы колледж студенттер контингенті 162 білімалушымен толықты. Салтанатты жиын 1 курс студенттері шеруімен басталды. Мемлекеттік туымыз көтеріліп, әнұранымыз асқақтай шырқалды. Жиында колледж директоры студенттер мен ата аналарды жаңа оқу-жылымен құттықтады. Салтанатты жиын спикері педагогика ғылымдарының кандидаты Арқалық мелекеттік педагогикалық институтының доценті, профессор Қолдасбаева Зинаида Шакировна шақырылды. Сондай ақ, мерекелік шарада ата аналар атынан БМ-43 тобының студенті Жалғасова Диананың ата-анасы Амирова Эльмира Дүзелбаевна сөз алды. Жиын барысында жоғарғы курс студенттері колледж табалдырығын жаңа ғана аттаған 1 курс студенттеріне өз лебіздерін білдіріп, студент әліппесін табыстады. Шара соңында 1 курс студенттері сөз алып біздің колледжімізге таңдау жасаған сәттерімен бөлісті.