«Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»тақырыбындағы республикалық бірыңғай тәрбие сағаттары шеңберінде кураторлық сағаттар өтті.
Кураторлық сағат мақсаты: білімалушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рольін талқылау.
Аталмыш кураторлық сағаттар барлық топтарда өткізіліп студенттер кураторларымен білім мен еңбекқорлық және отаншылдықтың басты құндылықтар ретінде танымдарымен бөлісіп, пікір алмасты. Шараның әрбір студент бойындағы отаншылдығын, еңбекқорлығы мен білім деңгейін анықтауға септігін тигізді. Білімалушылар өздерін әле де қай салада дамыту керектігін пайымдады. Білім, Еңбекқорлық, Отаншылдық бұл қасиеттер әр баланың бойында бар, тек оны дер кезінде көріп, дамыту алдағы мақсат болуы керек. Колледжде жаңа оқу жылы жаңаша атмосферада басталды. «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» кураторлық сағаттан кейін колледж оқытушылары мен студенттері Президент жолдауын тыңдап жаңаша тың бастамаларды бірге бөлісті. Бұл білімалушылар мен оқытушылардың жаңа оқу жылындағы тың бастамаларға ерекше серпін береді деп сенеміз.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1175-tere-bilim-e-bek-orly-zh-ne-otanshyldy-asiet-kuratorly-sa-at.html#sigFreeId5ba9d6a4f5