Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпықазақстандық «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын ұйымдастыру және өткізу аясында үстіміздегі жылғы 7 қыркүйек күні сағат 11-де колледжде қазақтың біртуар тұлғасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы» тақырыбында мемлекеттік тілде ашық диктант өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.
Диктантты колледждің қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Азамат Абжанов жоғарғы курс білім алушыларымен өткізді.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1185-akhmet-bajt-rsyn-ly-d-uirdi-dara-t-l-asy-ta-yrybynda-memlekettik-tilde-ashy-diktant-tkizildi.html#sigFreeId7281de0b87