Ағымдағы жыл ұлы тұлғалардың мерейтойымен айшықталған ерекше жыл ретінде тарихта қалады. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығымен қатар қазақтың Ұлы тұлғасы Мұхтар Әуезовке 125 жыл, жерлесіміз Торғайлық Сырбай Мәуленовке 100 жылдық мерейтойлар республика көлемінде атап өтілуде. Қазақ ағарту ісі мен қазақ әдебиеті тарихында өшпестей із қалдырған тұлғаларымыздың шығармашылығы мен еңбегін дәріптеу, насихаттап үлгі етуде колледжде де бірқатар жұмыстар атқарылуда. Соның бірі қазақ тілі оқытушыларының ұймдастыруымен, барлық топтармен өткізілген «Ұлы тұлғалар өмір дастаны» атты зияткерлік байқау өз мәресіне жетті. Шарада студенттер ұлы тұлғалар туралы өмір деректермен танысты және әдебиет тарландарының өмірі туралы ойларын ортаға салып өз білім деңгейлерін анықтады. Шара қатысушыларға әдебиет тарландарының өмір дастанын білуге деген құштарлық сыйлады. #Maulenov100
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1204-ly-t-l-alar-mir-dastany-ziyatkerlik-baj-auy.html#sigFreeId16db0d089c