Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде, бүгін 2022 жылдың 24 қыыркүйегінде жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа барлық топтардан 80 ата ана қатысты. Ата-аналар жиналысының Күн тәртібінде:
- Ақпараттық баяндама "Колледж 2022-2023 оқу жылындағы жұмыс жоспары, мүмкіндіктері мен тиімділігі".
колледж директоры С.О.Алматова.
- Психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жайлы кеңес "Отбасы тәрбие бастауы".
колледж психолгі Г.Д.Нуркенова,
- Ақпаратттық түсіндірме жұмысы "Вакцинация- білімалушы денсаулығының кепілі".
колледж мейірбикесі С.З. Аюбекова,
- Түсіндірме кеңес "Кәмілеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары»
Полиция лейтенанты: И.С.Ғалымтаев
Ағымдағы мәселелер
- Жалпы колледжішілік ата- аналар кеңесі төрағасын сайлау.
Осы және басқа да сұрақтар тыңдалып, жиналыс соңында ата аналармен диалогтык алаң құрылды. Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Жалпы ата-аналарды толғандыратын сұрақтар құрамында вацинациялау тақырыбы терең қозғалды. Қандай жағдайда да ата-аналар колледж оқытушылары мен әкімшілігіне өз қолдауларын көрсететінін айтты.
Ата аналар жиналысы төмендегідей шешім қабылдады.
Шешім:
- Колледж 2022-2023 оқу жылындағы жұмыс жоспары, мүмкіндіктері мен тиімділігі мақұлдансын.
- Педагогикалық-психологиялық кеңестер назарға алынып, ата-ана мен колледж әкімшілігі әріптестік байланыс орнатылып баланың психологиялық саулығы екі жақты басты назарға алынсын.
- Ревакцинация, вакцина алу жұмысы жалғастырылсын;
- Полиция лейтенанты: И.С.Ғалымтаев түсіндірме кеңесі назарға алынсын.Кәмілеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары жалғастырылсын, бақылауға алынсын.
- Құқық бұзушылықты қадағалау және бақылау колледж әлеуметтік педагогы А. Булековаға және топ жетекшілеріне жүктелсін.
- Қабылданған шешімнің орындалуын бақылау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Қ.Оразоваға тапсырылсын.
- Колледж ата-аналар кеңесінің төрағасы ретінде МД-11 тобының ата-анасы Тапалов Кәрімжан Ақылбекұлы сайлансын.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1205-zhalpy-kolledzhishilik-ata-analar-zhinalysy.html#sigFreeIdea524e4a41