Қазан айының бірінші күнімен жарыса келетін қатрттар күні біздің колледжімізде бүгін яғни 30 қазан 2022 жылы «Қарттарым қазынам» мерекелік іс шарасы ұйымдастырылды. Мерекеге колледж қабырғасында 20 жылдан астам жыл қызмет етіп зейнет демалысына шыққан ардагер ұстаздар мен бұрынғы қызметкер кештің құрметті қонағы ретінде шақырылды. Олар: Қолдасбаева Зинаида Шакировна – 15 жыл колледж директоры болған
Таскаеева Людмила Петровна – 20 жыл спорт бөлімінің оқытушысы
Климовцева Минсулу Абдулхаева - 20 жыл
Әбенов Боранбай Қазбекұлы - 0 жыл колледж қабырғасында ұстаз
Дүйсенбаев Жексенбай Дүйсенбайұлы – 15 жыл бойы техникалық қызметкер
Саидов Әділхан - 15 жыл қосалқы қызметкер
Раймбекова Ботакөз Батырбекқызы – 23 жыл есепші қызметін атқарды.
Мерекелік кеш қонақтары жайылған ақ дастархан басына жайғастырылып, сый құрмет көрсетілді. Мереке барысында қариялар биге шақырылып, ізгі тілек альбомына қол таңбалары алынды. Ән мен биден шашу шашылып, кәсіподақ комитетінің атынан ақшалай сыйлықтар мен гүлдер табыс етілді. Шараны Ұйымдастырған БМ-43 және МД – 21 топтары. Қашанда қариясын құрмет тұтқан халықтың келер келешегі кемел боларына сенімдіміз. Бүгінгі қарттарымызға көрсетілген құрмет ертеңгі өзімізге көрсетілген ізет екеніне сенеміз.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1209-arttarym-azynam.html#sigFreeIdc97b4e86fd