Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

«АЛТЫ АЛАШТЫҢ БАЛАСЫ БАС ҚОССА, ТӨР – МҰҒАЛІМДІКІ» деп алаш азаматы Мағжан ЖҰМАБАЕВ атап айтқандай кеше 29.09.22 жылы Колледж оқытушыларының күні «Ұстаз аты – биік  әрі мәңгілік» ұсаздар мерекесі атап өтілді. Ұстаздарға мерекелік  көңіл күйді БМ-11,БМ-12 топ студенттері сыйлады.  Мереке бейне роликпен басталып, колледж директорының құттықтау сөзіне ұласты. Еңбегі сіңген оқытушылар мадақтамалармен марапатталып, кәсіподақ комитетінің әзірлеген кәдесйлары таратылды.   КВН командалары ұстаздарға өз әзілдерін арнаса, өнерлі студенттеріміз ән мен билерін паш етті. Мереке сәні мен салтанаты жарасқан тартымдылығымен ерекшеленіп, аяулы ұстаздар өзіне деген  құрметті сезіне алды.