🏤 Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж жатақханасында өткен 🌍 «Кең байтақ –Республикам!» көрме мен газет байқауы өтті. ♻️ Мақсаты: Студенттер ұрпақтың ерлік істерін үлгі ете отырып, Отанын, елін сүюге деген патриоттық сезімдерге баулу. Республика күніне орай көрме мен газет байқауы өткізілді.
🎗 Көрмеге тек қана макеттер қойылған жоқ, білімдерін шындайтын кітаптар да қойылды. Студенттер қолдарынан келген макеттерін көрмеге қойды. ♻️ Екінші этаждың білімалушылар «Ақорда» макетін , өзінің қолынан келген «Қазақстан картасын» білімалушы Сабит Көркем макетің жасады. Білімалушылар кітаптар оқып, өз білімдерін толықтырды және әр қабат өз газетерін шығарды. Осы кезде сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы –Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бостандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда.
🔴 Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілейміз. Қазақстаның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты болсын
«Республикам менің»
#Республикамменің
#ҚазақстанРеспубликасы
#МектепПарламенті
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1213-ke-bajta-respublikam-k-rme-men-gazet-baj-auy-tti.html#sigFreeId6cc2e920e2