Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Кештің басты мақсаты: Студенттерімізді біздің колледжді таңдағандары үшін алғыс білдіре отырып, студент  мәртебесін сезіндіру.

Шараға 1 курс студенттері қонақ ретінде шақырылды. Олар үшін сахнада  жоғарғы курс студенттері өнер көрсетті. Старосталар корпусы басқару жұмысын қабылдап алса, волонтерлер жасаған қайырымдылық акциялары мен үлгілі істерін насихаттап, 1 курс студенттерін қатарына қосылуға үндеді. Жайдарманшыларымыз 1 курс студенттеріне арнаған әзілдерін жолдап, әзіл шыны аралас таныстыруларын көрсетті. Колледж өнерпаздары әнін айтып, билерімен өнерлерін паш етті. Кеш барысында колледж директоры құттықтау сөз алып үздік спортшыларымыз бен өнерпаз студенттерімізді марапаттады. Кеш барысында 1 курс студенттеріне студенттік билеттері табысталып, артылған үмітті ақтауға деген уәделері алынды. Шара соңы  барлық қысушыларға  арналған мерекелік би кешіне ұласты.