Студеттік өмірдің қызығы мен шыжығы, қуанышы мен реніші жатақханада өтетіндігі белгілі. Сондықтан жатақхана тұрғындарының міндеттері мен құқықтары, оны сақтау ережелерін білулері қажет.
Осыған орай, 15.09.2020 күні Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж жатақханасының акт залында колледждің әлеуметтік – психологиялық қызметі, тәрбиешілердің ұйымдастырылуымен «Жатақхана – жанға жайлы өз үйім» тақырыбында жатақханада тұрып жатқан білім алушылармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында әлеуметтік педагог Г.М.Жакупова білім алушыларға жатақханада тұру туралы ішкі ережемен, жеке тұлғаның әлеуметтенуі, психолог Б.А.Шакиров психологиялық денсаулық, психологиялық саулық критерилері және медбике С.З.Аюбекова пандемиялық індет кезінде сақтану шаралары туралы түсіндіріп, баяндады.
Кездесу соңында, білім алушылар тарапынан тәртіп сақтау, тынығу, оқу үдерісіне дайындалу және т.б. мәселелері қозғалды.
Колледж психологы Шакиров Бауыржан
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/126-zhata-khana-zhan-a-zhajly-z-jim-ta-yrybynda-kolledzh-bilim-alushylarymen-kezdesu.html#sigFreeIddef6408454