Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

С А Р А П Т А М А

Кешіміздің мақсаты: Студенттерді мереке тарихымен таныстыру. Ізденгіштікке,бір бірімен сыйласа білуге,тапқырлыққа баулу. Белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға,жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып,бәсекеге қабілетті маман болып шығуға тәрбиелеу;

Көңіл күй визуализациясы өте қызықты және қарапайым кеш.Түрлі реңктердің көмегімен қажетті атмосфераны құру,энергияны бөлісу,мерекелік немесе бейресми жағдайды атап өту.Түсті кеш кез келген идеяны тіпті ең қарапайым бюджет шегінде де жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кеш шымылдырығын Муз-1 бөлімінің студенті Байсейітов Әлидің «Қазақтың баласы»әнімен ашылды.

2-қабат студенттері көк түс,3-қабат студенттері қызыл түс,4-қабат студенттері сары түс,5-қабат студенттері қара түс,6-қабат студенттері жасыл түс. Барлық қабаттың өздерінің түстеріне байланысты әндерімен ортаға шықты.Студенттеріміздің көңіл күйлері өте жоғары деңгейде.Кешке деген дайындықтарын ортаға салып көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Кеш қонағымыз колледжіміздің жастар ұйымының төрағасы Ниязбек Рамазанұлынан қонақ кәде сұралды.Қатысушы студенттерімізге  игі тілегін білдіру үшін колледжіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі:Гүлхашима Қуандыққызы сөз сөйледі. Кешімізді қортындылау үшін тәрбиеші Жанар Хамитқызына сөз берілді.

1-орын «Ең ұйымшыл» 6-қабат,2-орын «Ең таза»2-қабат,3-орын «Ең көңілді» 4-қабат  марапатталды.

Әр қабаттағы бөлмелер де марапатталды.Атап айтсақ;223 бөлме Қапар Алтынгүл,Сәбит Көркем, 216 бөлме Мұқатова Наргиз,214 бөлме Әсет Жанерке,Какенова Жадыра,314 бөлме Нуреденов Ғабиден,325 бөлме Қуаныш Бақытжан,406 бөлме Жетпісбай Адина,414 бөлме Батырбекова Гүлім,432 бөлме Мұқан Аяулым,Сайлаубай Аружан,Деріпсалы Ақерке,506 бөлме Жайлыбай Қазына,510 бөлме Ерлан Гүлім,Сәлімжан Гүлбақыт,522 бөлме Жалғасбай Аягөз,621 бөлме Хасен Жарқын,Мәрден Еркебұлан,624 бөлме Елеусізова Қарлығаш,Елеусізова Ақерке,629 бөлме Әбікен Гүлсая марапатталды. Кеш соңында  Муз-1 бөлімінің студенті Байсейітов Әлидің «Мақтаншақпын»әнімен аяқталды.

Тәрбиеші:Бирмаканова Ж.Х.