Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

САРАПТАМА

Мақсаты: Жаңа жылда жақсы жетістіктерге, алға  қойған  мақсаттарға  жету.

Әдісі: Мерекелік концерт,сахналық көріністер.

Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір бұл күн тіршіліктің барлық иелеріне жаңа үміт, қуаныш, ерекше махаббат сыйлайды. Сол махаббат, қуаныш пен үміт жыл бойы шаңырақта болсын. Мерекелік кештің қуанышқа толы көңілді сәттері жыл бойына әрбір шаңырақта сақталсын. Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын. Жаңа жыл құтты болсын! Жатақхана студенттеріміздің дайындаған «Ертегілер еліне»көрермендерге кереметтей әсер қалдырды. Айналамды өздеріңдей керемет жандар қоршаған мен ең бақытты жанмын! Жаңа жылдың жылтыраған ойыншықтарындай жүздері жайнаған достарым мәңгі жанымда болсын. Достар мереке құтты болсын, дастарханымыз мол болсын, көңіліміз даладағы аппақ қардай таза болсын! Ақша қардың игі тілегінен кейін «Жаңа жыл»әнімен МД-12 тобының студенті Әділбек Ақбота орындады. Ақша қар қызықты ойындар ұйымдастырып, сыйлықтар таратты. Аяз ата дорбасынан тәтті кәмпитер үлестірілді. Мерекелік құттықтау сөзі колледж тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Қ. Оразоваға берілдщі. Қортынды сөзді жатақхана тәрбиешісі Ж.Х.Бирмакановаға беріліп ат салысқан студенттеріміз марапатталды.

Тәрбиеші:Бирмаканова Ж.Х.