«Белсенді өмір- жүз жастық ғұмыр» ұранымен қыркүйектің 14-18 күндері арасында колледж білім алушылары арасында кермеге тартылу, бір орында отырып тұру, шалқадан жатқан қалыпта кеудені көтеру спорт түрлерінен ер және қыз балалар арасында онлайн жарыс өткізілді. Жарыстың мақсаты: Физикалық белсенділікті арттыру, карантиндік жағдайларда жарыстарды өткізудің заманауи әдістері мен құралдарын қолдану болып табылды. Білім алушылар жарысқа белсене ат салысты. Орындаған жаттығуларын бейнетаспаға түсіріп, ұйымдастырушы алқасына жіберіп отырды. Қорытындылай келе кермеге тартылудан жекелей орын алған білім алушылар: 1-орын Орал Ш. ДМ-11 тобы, 2-орын Балтабай М. ДМ-11, Таңат Н. ДМ-11, 3-орын Жүнісбек Ж. Муз-3 тобы. Шалқалап жатқан қалыптан кеудені көтеру спортынан 1- орын Алматова Г. БМ-23, Мейрамбеков С. МД-11, 2 -орын Кенжеғара А. БМ-31, Ақбарова Д. БМ-12. 3-орын Беккасым А. МД-21, Асқарова Б. МД-11 тобы. Бір орында отырып тұру жарысынан ер балалар арасында 1- орын Орал Ш. 2- орын Балтабай М. ДМ-11, Таңат Н. ДМ-11. 3-орын Жүнісбек Ж муз-1. Қыз балалар арасында 1- орын Кукотенко К БМ-23, 2- орын Беккасым А. МД-21. 3- орын Имангалиева А. БМ-23 тобы. Жалпы командалық есепте ер балалар арасында 1-орынды ДМ-11 тобы, топ Г.С., 3-орынды БМ-31 тобы, топ жетекшісі Издибаева Д.М. Қыз балалар арасында өткен жалпы командалық есепте 1 – орынды иеленген МД-11 тобы, жетекшісі Нугманов С.М., 2 -орынды МД-11 тобы, топ жетекшісі Нургазина топ жетекшісі Нургазина Г.С., 2-орынды БМ-12 тобы топ жетекшісі Абжанов А.Ж., 3-орынды БМ-23 тобы, топ жетекшісі Назарова Г.К. Жеңімпаздарды дене тәрбиесі оқытушылары анықтады. Жүлделі орын алған командаларды және білім алушылары дипломдармен марапатталды. Іс-шараның өз деңгейінде өтуін колледж медбикесі Аюбекова С.З., колледж психологы Шакиров Б.А. және колледж әлеуметтік педагогы Жакупова Г.М. бақылауда ұстады.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/127-belsendi-mir-zh-z-zhasty-myr.html#sigFreeIdbcf287b49b