Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Біз 13.-15 аралығында Алматы облысы Қонаев қаласы "Балдәурен" Республикалық оқу сауықтыру орталығына оқуға құштар колледж тұжырымдамасы бойынша "Болашақ - білімді жастардың қолында" Республикалық семинарға қатыстық. Ол семинарда әр облыстан білікті кітапханашылар қатынасты сонымен қатар әр колледждің кітапханашылары мен  колледж студенттері де келді. Бұл байқаудың мақсаты елжанды патриоттық сезімі бар жастарды тәрбиелеу. Сонымен қатар бізді қызықты интеллектуалды ойындармен және түрлі конкурстарға қатыстырды. Студенттер байқауы болды онда жылдам оқу атты сайысы өтті онда "Жусан иісі " деген шығарманы оқытып тест тапсырды. Ал кітапханашыларға ортақ конкурс болды. Оқуға құштар колледж жобасында секция семинары   да өтті.

Әр облыста 40 студенттер қатысып оның 10  студенті патриоттық тәрбие беру сертификатымен марапатталды сонымен қатар төсбелгі берілді. Қуантарлық жағдай біздің колледжіміздің студенті Қонарбай Жібек те үздік 10 дыққа ілікті. Және де Жібек Республикалық "Болашақ - білімді жастардың қолында" колледж кітапханашыларына арналған Республикалық семинар жұмысы аясында өткен "Кітап оқу" байқауынан грамота алды. Кітапханашыларға бөлек семинарға қатысқаны үшін растайтын сертификат берілді.