Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Жаңа жыл мерекесі әрбір адам үшін ертеңнен үлкен ғажайып күттіретін таңғажайып мереке. Бүгін колледжге осы мерекелік көңіл күйді «Жаңа жылдың сыйқырлы әндері» мерекесіне қатысқан топтар сыйлады. Шара ережесі бойынша «Жаңа жылдық әндерді сахналау» тапсырылды. Конкурсқа қатысушылар бір жаңа жылдық және  қыс туралы әнді (екеуінің біреуін ) сахналай отырып, көрініс бейне баян сияқты  ұсынуы сұралды.   

Байқауға қатысуға 7 топ ниет білдірді. Шарада  колледж директоры С.О.Алматова барлық қатысушылар мен оқытушыларға жаңа жылдық тілегін жолдады.

Байқауға қатысушы барлық топтар ерекше дайындықпен келген. Әнді сахналауға костюмдер мен декорация, қажетті реквизиттер, жаңа жылдық атрибутикалар барлығы қарастырылған. Әр қойылымның өзіндік  даралығы ескерген. Қараңғыда жанатын киімдерді балалар өз қолдарымен құрастырған. Және ерекше жарықтық эффект беретін материалдардан тігілген киімдермен өнер көрсчетіп өз қойылымдарын жаңаша ашу жолын қарастырған. Қойылымдар мен костюмдерге  қарап отырып, адам қиялында шек жоқ екендігіне көзіміз жетті. Байқау нәтижесі бойынша.

 

1 орын – БМ-11, БМ-31 топтары

2 орын – БМ-21, БМ-23 топтары

3 орын – БМ-12, МД-12, ДМ-11 топтары иеленді. Жаңа жылдық шара би кешіне ұласты. Балаларға үлкен көңіл күй сыйлаған мереке балалардың есінде келесі жаңа жылға дейін сақталатын әсер қалдырды.Жаңа жылда  әр білімалушының асқақ арманы орындалсын!