Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Қостанай педагогикалық колледж базасында ұйымдастырған «Worldskills-Қостанай 2020»  стандартына сайкес «Мектепке  дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру», «Хореография» мамандықтары бойынша қыркүйек айының 28-30 аралығында VI  аймақтық чемпионат өтті. Арқалық  қаласы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері Русланқызы Сымбат, Сәтбай Айзат және Біртағина Айым  қатысты. Сайыстың үш күнінде әр аймақтан келген қатысушылар үш негізгі модульден  тұратын тапсырмаларды орындады. «Ұйымдастырылған оқу қызыметі», «Үй тапсырмасы», «Ағылшын тілінде таңғы жаттығу» және «Ата-аналар мен жиналыс өткізу» жетекшілері  Л.Б.Ақылбекова, Г.Қ.Оразова және З.Р.Хасенова сарапшылар алқасына енді.

Сайыста болашақ маманның тәжірибелік дайындығы мен кәсіптік біліктілігі шыңдалып, шығармашылығы мен жоғары еңбек мәдениеті қалыптасты. Сондай-ақ, заманауи технологияны іс жүзінде қолдана алу біліктілгі сыналды. Қазіргі таңда Worldskills Қостанай  2020  чемпионатының басты мақсаты – болашақ мамандардың  кәсіптерінің абыройын арттыру, жас мамандарға қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие практикалық дағдылар мен жоғары біліктіліктерді алу мүмкіндігін беру, еңбек нарығында отандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің басшысы С.О.Алматова кәсiби шеберлiк бойынша чемпионатқа қолдау көрсетiп, тиiстi материалдармен қамтамасыз етiп, чемпионатқа даярлау жөнiнде көптеген ақыл-кеңестерiн берді. Қорта білім- жеңілмейтін қару, қараңғы түнде адастырмас жарық жұлдыз. Адамзатқа рахым, мейірім ретінде берілген аса бағалы сый демекпін.

 


                                                     Н.Құлжанова атындағы   Торғай гуманитарлық

 колледжінің оқытушысы З.Р.Хасенова