Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж
жатақханасында өткен «Дәлме-дәл 2023» пародия шоуына
С А Р А П Т А М А
Студенттерге қазақ өнерін дәріптеп, өнерге баулу, мақсатында өткізіледі. байқау 2 кезеңнен тұрады. І кезең студенттеріміз өз қалаулары бойынша таңдаған әртісті сомдауы қажет. ІІ кезең «Әзіл ысқақ» театрынан көрініс. Студенттер әнді орындап қана қоймай сол әртістің сырт келбетін дәлме-дәл ұқсатып қимылдарын да айнытпай сомдауы қажет.Сайлаубай Аружанның орындауында «Аппағым»әнімен басталды.Сайысқа 2-3-4-5 қабаттар ат салысты.Әр қабаттың дайындығы бірінен бірі асады,көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазыларымыз сайланды.Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж директорының тәрбие ісінің меңгерушісі:Турганова Жанар СерікқызыБақытжан Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі комуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының оқу ісі меңгерушісі:Сембігүл Назира ӘділханқызыКолледжіміздің түлегі:Дарханұлы АқжолБірінші кезеңнен кейін Байсейтов Әлидің орындауында«Қазақтың баласы»әні орындалды.Кешті қортындылау үшін әділ қазыларға сөз кезегі берілді.Игі тілектерін жолдай отырып, «Көрермен көзайымына»ие болған 2-қабат.Жүлделі 3-орынға ие болған 5-қабат,2-орын 4-қабат,1-орынды 3-қабат деп қортынды жасалды.Сайыскерлер мақтау қағаздарымен марапатталды. Кеш соңында жүргізуші,АрПИ студенті:Мұрәділ Ақеркенің орындауында «Қазақстан» әнімен аяқтады.Қорыта айтқанда: Халқымыздың даналығында «Баланы жастан» деген сөз бар. Сондықтан тәрбиенің тал бесіктен басталатынын ескерсек, ата-бабадан келе жатқан ибалық пен инабаттылықты өзіміз түпкілікті түсініп, балаларымызға сол тәрбиенің нәрін сіңіре білсек, бұл қазіргі заманда бала тәрбиесіне қосқан біздің қомақты үлесіміз болып табылар еді. Еліміз егемендік алып, өз мәртебесі биіктей түскен шақта ең алғашқы алға қояр міндеттің бірі – бала тәрбиесі – егеменді еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақағы бүгінгі тәрбиешінің кәсіптік шеберлігінде, шығармашылық дамуына әкеліп соғады.Жатақханамызда осындай қызықты әрі тартымды іс шаралардың әлі де жалғасын табарына сенімім мол.