«Жас сарбаз-2020» өз жеңімпаздарын анықтады.
Колледж жанынан құрылған «Жасампаз-жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің орындауымен , қала және ауыл мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары арасында , үшкүндік әскери патриоттық «Жас сарбаз» курсы болып өтті.
Жобаға тапсырыс беруші: Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі ММ.
Шара мақсаты: Арқалық қаласы оқушыларының азаматтық жауапкершілігі мен патриоттық сезімдерін дамыту бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру. Азаматтық бастамаларды дамыту.
Жоба 9-11 сынып оқушыларына арналған.
Шараға 3 ауыл 6 қала мектептері қатысты. Қатысушы командалар әскери сынақтың 5 түрі бойынша жарысқа түсті. Пневматикалық мылтықпен ату, АК-75 автоматын шашып, жинау, жалпы әскери қорғаныш киімін кию,алғашқы медициналық көмек көрсету және патриоттық әнді сапта орындау. Екі күнге созылған жарыс қатысушылардың жеңіске деген жігерін арттырды. Нәтижесінде
1 орын Родина орта мектебі
ІІ орын Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі
ІІІ орын Восточный орта мектебі иеленді. Сондай ақ, қатысқан барлық командаларға («Ең айбынды топ», «Ең қайсар топ», «Ең ұйымшыл топ», «Жеңіске деген жігері үшін») арнайы номинациялар тағайындалды.
Жеңімпаздардың барлығы қоғамдық бірлестік атынан дипломдар мен жеңімпаз медальдарымен бағалы сыйлықтар мен ақшалай марапаттарға ие болды.
Аталмыш жобаны биыл екінші жыл қатарынан Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі жанынан құрылған «Жасампаз- жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі сапалы жүзеге асырып келеді.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/130-zhas-sarbaz-2020-z-zhe-impazdaryn-any-tady.html#sigFreeId478fceceac