Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Музыка бөлімінің апталығы аясында Қыдыры дарып, құт қонған қасиетті Торғайдың киелі топырағынан талай айтулы өнер тұлғалары өсіп – өнгені баршамызға аян. Дархан даланың даналық қазынасында «Жақсының көзі, асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы» деген қасиетті жәдігер ұғымдар кездесетіні бар. Сонау заманда көш – керуендерінде, сайын даласын ән – жырымен, сән – салтанатымен тербеген сегіз сері ғұмыр кешкен алқалы Арқада дүниеге келген мақтанышпен айтар ел азаматтарының бірі тамаша домбырашы-ұстаз Әбжан Сәрсенбаевтың еске алу кеші өтті.Кеште ардагер ұстаз Әбенов Боранбай ағай Әбжан ағайдың ұстазы ретінде алғы сөз сөйлеп мағлұмат беріп өтті. Еске алу кеш барысында білім алушылар күмбірлеген күй тартып, күй құдіретінің асқан шеберлігін таныта білді.