Ақпан айының 22 мен 24 аралығында Қазақстан Республикасының Ағарту министрлігінің ұйымдасыруымен Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғарғы қазақ педагогикалық колледжінде «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында педагогикалық сала бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы» болып өтті.
Байқаудың мақсаты - педагогикалық мамандықтар және жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы мамандығының мәртебесін арттыру. Конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және танымал ету.
Байқауға облыстық кезеңнен іріктеліп, үздік деп танылған арнайы пәндер бойынша бір және жалпы білім беру пәндері бойынша бір оқытушы жіберілді. Республикалық кезеңде Қазақстанның барлық өңірлерінен 40- қа жуық қатысушылар сайысқа түсті. Оның 20-сы арнайы пәндер бойынша бақ сынасты. Осы тартысты додада Қостанай облысының намысын қорғаған Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Оразова Гулхашима Куандыковна «IT құзіретті педагог» номинациясын жеңіп алды. Біз әріптесімізді құттықтаймыз. Конкурс қатысушыларына алғысымызды білдіреміз.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1330-mitimizdi-a-ta-an-riptes.html#sigFreeId4c1a23122b