https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1332-altyn-dauys-vokal-baj-auy.html#sigFreeId2ea0534046
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде «Хорда дирижерлеу» мамандығының онкүндік апталық аясында фольклортанушы, композитор Борис Гершиевич Ерзаковтың 115 жылдық мерейтойына орай қалалық «Алтын дауыс» вокал байқауы өтті. Байқауымыздың шыылдығын колледж директоры Алматова Сандуғаш Орекенқызы қатынасушы үміткерлерге сәттілік тілей отырып, құттықтау сөзбен ашып берді. Байқауда қала мектептері мен колледж, институт студенттері қатысып өз өнерлерін көрсетті.
Байқаудың негізгі мақсаттары:
- Музыканттардың орындаушылық мәдениетінің деңгейін көтеруге ықпал ету;
- композиторлардың орындаушылық дәстүрлерін оқуға қызығушылықтарын арттыру;
- Вокалдық өнердің озық үлгілерін насихаттау.
Байқау төмендегі жас санаттары бойынша өткізілді:
- 6 жастан 10 жасқа дейін
- 11 жастан 15 жасқа дейін
- 16 жастан 20 жасқа дейін
- 21 жастан 25 жасқа дейін
-Кәсіби: жас шектеуі жоқ
Байқауға қатысушылар бір вокалдық жұмысты аспаптың немесе фонограмманың сүйемелдеуімен жанды дауыста (минус)орындады.Сайысқа 50 ден астам үміткерлер қатысып, I , II , III дәрежелі атаулы дипломдармен марапатталады. Сонымен қатар Сонымен қатар байқауға қатысушыларды дайындағаны үшін жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.