«Асыл ана» атты мерекелік кеш
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж жатақханасында 8 наурыз мерекесіне орай "Асыл ана" атты мерекелік кеш ұйымдастырылды
Мақсаты: Қыздарды анасына қарай отырып халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттлік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
Әр қыз баланы парасаииы, жан-жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу. Жатақанамыздың 3 қабат жігіттерінің ұйымдастыруымен «Асыл ана» атты мерекелік қойылым тамашаланды.
Алғашқы тілекті колледжіміздің музыка бөлімінің меңгерушісі Булекова Айгүл Егінбайқызы мерекелік шымылдырықты ашып берді.
Кешіміздің жүргізушілері жатақханымыздың түлегі Дарханұлы Ақжол мен ДМ-21 тобының студенті Тұрар Жарқын. Көктемді – махаббатты сыйласын және оны алатын болсын. Өз сұлулығының сиқырына сенетін жас бойжеткен арулар өзге де бағалы байлықты – өз ісінің жемісін көрсін! Бақыт, Денсаулық, Бейбітшілік, Үйлесімділік және Қайырымдылық тілейміз!
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне ДМ-11 тобының студенттері:Серік Аяжан,Бұршақбай Серімжан, Елжан Абзал,Уалиханұлы Жанұзақ, Марат Алмас, Қаратай Ерсайын т.б студенттеріміздің әндері өте ерекше. Биші ұлдарымыздың биі өте ерекше болды.
Ұлдарымыз дайындаған сыйлықтарын ұсынды.Кеш соңында игі тілегін жатақхана тәрбиешісі Бирмаканова Жанар Хамитқызы әсем әнмен аяқтады. Кеш өз дәрежесінде көңілді өтті.
Тәрбиеші:Бирмаканова Ж.Х.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1335-asyl-ana-atty-merekelik-kesh.html#sigFreeId9a223d8e83