Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Рамазан – үйіңе екі дүниенің берекесін әкелген ұлы қонақ.

Бұл айда сауаптың бақшасында барлық жемістен терілуге мүмкіндік беріледі. Биылғы жылы Рамазан айы наурыздың 23 күнінен бастау алады.

Мың айдан да қайырлы қасиетті айға санаулы күндер қалды. Осы орайда халықтың көкейінде жүрген сан сауалға Қостанай облысы, Арқалық қалалық "Мұхтасиф Алмұхаммед молла" мешітінің бас имамы Нұрхан қажы мен Амангелді ауданы "Сатыбалды ишан" мешітінің  бас имамы Шамшиден Нұрсұлтан, Үрпек ауылы "Сарыбас қажы" мешітінің бас имамы Ысқақов Аслан білім алушыларымызға мол мәлімет беріп, қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы білім алушыларымызға жақсы ойлар мен кеңестер берді.