2023 жылдың 31 Наурызында Зерек колледжінің ұйымдастыруымен Қостанай облысының еріктілері техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында Қазақстандағы "Алғыс айту" күніне және "Мемлекеттік Рәміздердің 30 жылдығына" арналған “Облыстық еріктілер форумы 2023” байқауы өткізілді. Форумның мақсаты: Қостанай облысының колледждерінде еріктілер қозғалысын насихаттау және дамыту болып табылады. Форумға 6 бағыт бойынша 22 колледжден 100-ге тарта ерікті жастар қатысты. Форумға әділ бағасын беріп, төрелігін көрсеткен әділ-қазы алқалары құрамында: Пушкарева Анастасия Вячеславовна – педагог -ұйымдастырушы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы волонтерлар орталығының төрайымы; Манарбекова Малика Манарбекқызы - Қостанай облысының ресурстық орталығының волонтерлар секторының меңгерушісі; Анненков Егор Анатольевич - «Социум&Я» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.“Облыстық еріктілер форумы 2023” байқауында Арқалық қаласының намысын қорғаған Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі “Үздік еріктілер күнделігі” бағыты бойынша жүлделі I орынға ие болды.Құттықтаймыз.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1358-oblysty-eriktiler-forumy-2023-baj-auy-tkizildi.html#sigFreeId5d44a6cdcf