Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж жатақханасында 15 сәуір Ғашықтар күніне орай ұйымдастырылған «Махаббат мәңгі ертегі!» атты кешке

С А Р А П Т А М А

Көктем – күллі адамзат үшін сезімнің, шуақтың, шабыттың, яғни махаббаттың символы іспетті. Адам көңіліндегі тазалық пен сұлулықтың иесі, армандардың қасиетті киесі – махаббат. Сондықтан да бар адамзат үмітіне өмір берер, сеніміне шуақ себер – қасиетті сөз махаббат. 18 мың ғаламды жаратқан Алла Тағала Адам ата мен Хауа ананы да жаратқан деседі. Осы заманға дейін өмір сүріп отырған біздер, сол екі адамзат баласының ұрпағы саналамыз. Бұл ғажайып сезімді бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осы ғашықтар мерекесінің сәуір айының 15-інде өтуінің өзі – бұл кез көктем мезгілінің бел ортасы. Сезім мерекесінің қажеттілігі сол, кеудесінде жұлқынған жұдырықтай жүрегі бар адам – сезімін махаббат арқылы мойындайды.Атаулы мерекеге орай жатақханамызда «Махаббат мәңгі ертегі» атты тақырыпта байқау өтті. Мақсаты – ұлттық нақышта жастарды тәрбиелеу, әрі салт-дәстүрімізді жаңғырту. Шара аясында студенттер өнерлдерін ортаға салып, ұлттық негізде арнайы ойындар ойнатылып, мәңгілік махаббат турасында әндер шырқалып, билер биленіп, қазақтың қара домбырасында күйлер шертілді. Жастардың аса белсенділік танытқан тұсы ұлттық нақыштағы, жаңаша сарындағы ойындар болды. Кешіміз жабық түрде өтті. Кешке он жұп қатысты.Баяу би,би түрлерінен жарыс жұптармен,екі топқа бөліп шар үрлеу ойындары өте қызықты болды. Сайыс соңында жұптар мақтау қағазы мен сыйлықтарымен марапатталды. Атап айтсақ; «Белсенді» жұп Жанұзақ пен Айкөркем, «Өнерлі» жұп Қажымұрат пен Қарақат,«Зерделі» жұп Аңсаған мен Наргиз, «Үлгілі» жұп Еркебұлан мен Ақерке, «Көрікті» Алмас пен Жадыра, «Қылықты» Бек пен Гүлім, «Көңілді» Бексұлтан мен Гүлім, «Келбетті» Серімжан мен Гүлнұр,«Жарасымды» жұп Парасат пен Алтын, , кештің 1 орын иегерлері «Жұлдызды» жұп Абзал мен КөркемҚозы Көрпеш пен Баян Сұлу мазары қос ғашықтың адал махаббатының дәлелі іспеттес күні бүгінге дейін сақталып келе жатқанын тілге тие кеткен жөн. Ия, керемет хикая екені рас. Сол себепті де 15 сәуірді «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні» деп бекер атамаған болу керек. Кеш соңы бимен аяқталды.

 Тәрбиеші:Бирмаканова Ж.Х.