Арқалық қаласы облыстық әнбебаб кітапханасымен бірлесіп өткізген,
Ғафу Қайырбековтың 95 жылдығына
арналған «Өлең сөздің сарқылмас дариясы» атты поэзия кешіне
С А Р А П Т А М А
Ғафу Қайырбеков (1928 – 1994) – 15 тамызда Қостанай облысы, Торғай қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1952). Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басқарды, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі болды. 1968 - 1973 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында жетекшілік етті. 1973 - 1989 жылдары «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. Өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағының ақындар қауымдастығының президенті болды. 1954 жылы оның «Құрдастар» атты тырнақалды жинағы жарық көрді. Содан бері қырықтан астам кітабы шықты. Ақынның өмірі жайлы кешке арнайы шақырылған қонағымыз Оюшы, қолөнер шебері, өлкетанушы, Әлемдік Шыңғысхан Академиясының «Құрметті Академигі», Абылай ханның 300 жылдығына арналған халықаралық конференцияның «Алтын медалінің» және «Қазына сыйлығының» екі мәрте иегері. Арқалық қаласының құрметті азаматы, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық Мемлекеттік Педагогикалық Институтының ғылыми жұмысты ұйымдастыру және халықаралық байланыс бөлімі маманы Шөптібай Байдилдин ағамыз сыр шертті. Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж студенттері ақын өлеңдерін нақышына келтіріп орындады. Атап айтсақ; «Туған жер туралы ой» Сәбит Көркем, «Махаббат ізі» Қайырбаева Ұлпан, «Есімде алғаш» Мүсір АйКөркем, «Менің ауылым» Какенова Жадыра, «Арқалыққа сәлем» Қапият Қарақат, «Есіл» Кәдіржан Назерке, «Туған жерге хаттар 1 хат» Әділбек Ақбота, «Жалғыз сөз» Нұрболқызы Өрік, «Бәдешке» Нәби Ақерке, «Большевиктер ауылы» Жұмаханова Нұрай, «Туған жерге хаттар 2хат» Ерлан Гүлім, «Шаңырақ» Тынымбай Ақбөпе ,«Жақсы өлең» Мерген Мерей, «Есімде сол күн,сол қала» Қапар Алтынгүл. Келесі сөз кезегі қонағымыз Аға оқытушы,педагогика ғылымдарының магистірі: Абдуллина Ардақ Әмірханқызы ақын жайында толық ақпарат беріп,өлеңдеріне талдау жасады. Кеш соңында әуезді әндер орындалды. Ақын шығармашылығы - адамзат өмірінің философиялық керемет туындысы болмақ. Өйткені,ақын жан жүрегімен,қиялымен,арманы биік сүйіспеншілігімен,туған жерін,туған елін сүйеді,және барлық адамзатты туған елін сүйюге шақырады. Ақын шығармаларының соңғы түйіні-туған елді сүю,туған елді құрметтеу!
Тәрбиеші:Бирмаканова Ж.Х.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1389-le-s-zdi-sar-ylmas-dariyasy-atty-poeziya-keshi.html#sigFreeId9d8223e96a