Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Қазақстан  Республикасы  Президенті  Әкімшілігі  Басшысының 2022 жылғы  6 желтоқсандағы  №11-32-18.454  тапсырмасымен  Мемлекет Басшысының  электоралдық  кезеңде  берген  жекелеген  тапсырмаларын іске асыру  мақсатында  мамыр  мерекелері  мен  Жеңіс күні  қарсаңында жасына  қарамастан  барлық  қазақстандықтардың  қатысуымен  «Еркін  ел  ұрпағы» жалпыұлттық  патриоттық  диктантын  іске қосу тапсырмасы  шеңберінде  Н.Құлжанова  атындағы   Торғай  гуманитарлық  колледжі  қызметкерлері  мен  студенттері  арасында  2023 жылғы 4 мамырда сағат  11.00-де  «Еркін  ел  ұрпағы» жалпыұлттық   патриоттық диктант  жазу  шарасы  өткізілді. Шараның  басты  мақсаты: Сауатсыздықтың  алдын  алу,  қазақстандық - тардың  отансүйгіштік,  елжандылық  қасиеттерін    арттыру. Шара  қатысушылары   граматикалық  сауаттылықтарын  сынға  ала отырып,  отанға  туған  жерге  деген  мақтаныштарын  арттырды. Диктант  мәтінінде  Тәуелсіздік  пен  туған  Отанымыздың  басты  құндылық-тары  туралы  мазмұнды  мәлімет  қамтылған. Бұл  мәтін  бір қатысушының жүрегінен  орын  алғанына  сенімдіміз. жазылған  диктанттар  туралы  ақпарат, «Арқалық  қаласы  әкімдігінің қалалық  тілдерді  оқыту  орталығы » КММ   тапсырылды. Жалпыұлттық патриоттық  диктантқа  қатысу  әрбір  қазақстандықтың  азаматтық  борышы.