Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Кейкі батыр рухына арналған

«Кейкі батыр тағдыры, тарихы, тағылымы"

тақырыбындағы студенттер арасында  квест-тур

  

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының ТжКБ  әдістемелік бөлімінің тапсырмасымен Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі    2023 жылдың 24 мамыры күні   Кейкі батыр рухына арналған «Кейкі батыр тағдыры, тарихы, тағылымы" тақырыбында студенттер арасында квест- тур ұйымастырып өткізді.

Шараның басты мақсаты: - Кейкі батырдың ұлты үшін өзін құрбан еткен ерлігі мен отаншылдық жолындағы  ауыр тағдырын ұрпаққа үлгі ету;

-   студенттерді Торғай өлкесінің тарихын, мәдениеті мен өмірін, тарихи тұлғалардың қазақ тарихындағы орнын зерделеуге және танымал етуге бағыттау;

  • туған жерге деген патриоттық сезімдерін арттыруға тәрбиелеу.

Квест тур ойындарына қаламыздағы барлық колледждерден 16  жастан асқан колледж білім алушылары (4 студент) және оқытушы (1 жетекші) қатыстырылды.

Квест ойындарында қаламыздағы тарихи орындарына 5 бекет жасақталды. Бекеттерде қатысушы командалар Кейкі батырдың өмірі мен тарихы жайлы сұрақтарға жауап беріп, тақырыпқа қатысты сөзжұмбақтар мен ребустар шешті. Квест ойындары тапсырмаларында туристік жаттығулар да қамтылды. Шараның  қиындығы, ара қашықтықтары бірнеше шақырымды қамтитын, барлық бекеттерді командалар жаяу аралады және тапсырмаларды орындау барысында ақпарат көздерін пайдалануға тыйым салынды. Әр бекеттегі төрешілер командалардың қолындағы бағалау парағына өз ұпайларын қойып, тапсырма орындауға кеткен уақыт өлшемдерін енгізді. Ең соңғы бекеттен кейін командалар штабқа жиналып бекеттерден жинаған ұпай сандарын тапсырып, әр бекетте берілген әріптерден «БАТЫР» сөзін құрап шығарды. Сондай ақ, шара барысында қатысушылар «Кейкі батыр» өмірі туралы тың ақпараттар алып, өздерінің білім қоржындарын жаңа деректерге толтырды деп білеміз.

 

Сондай ақ, топ құрамында

  1. Капитан
  2. PR менеджері
  3. Картограф
  4. Эрудит
  5. Жетекші бекітілді. Әр қатысушы өз міндеттерін атқарды.

      

Квест ойындары барлық бекеттерден ең бірінші болып келген және тапсырмаларды орындауда жоғарғы ұпай санын көрсеткен команда жүлделі орынға ие болды.

Квест тур нәтижесі бойынша

«Бас жүлде» Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі иеленсе 1 орынды Арқалық көпсалалы колледжі қанжығалады.  Шараның 2 орынына Арқалық медицина колледжі лайықты деп танылса, 3 орын Арқалық политехникалық колледжіне бұйырды.

Квест ойындарының  «Үздік капитаны» Насирилла Камилла (АПК),   

«Үздік PR менеджері» аталымын Қуанышбай Райымбек (АМК), 

«Үздік картограф» Қаби Мөлдір (ТГК)

«Үздік эрудит» Боранбаев Әнуар (АЭК) марапатталды.

Барлық қатысушылар Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысының дипломы мен естелік сыйлықтарымен марапатталды.

 

«Кейкі батырдың» тағдыры мен өмір тарихына арналған іс шараның облыстық деңгейде ұйымдастыруы  тарихқа ден тағзым деп білеміз. Туған жердің тарихын білу әр азаматтың басты міндеті.