Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Колледждің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес кезекті әдістемелік кеңес өткізілді. Әдістемелік кеңес күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:

  1. Білімалушыларды кәсіби шеберлікке баулуда «WorldSkills» облыстық чемпионатының қорытындысын талдау, алдағы міндеттер мен мүмкіндіктерді анықтау. («WorldSkills» облыстық чемпионатының эксперттері).

  1. Жасөспірімдер арасындағы «Булинг» мәселелерін талдау және алдын алу. (Г.Д.Нуркенова,колледж психолгы)

  1. Семинар практкум. «Китериалды бағалаудың» мүмкіндіктері мен тиімді тәсілдері.(Бастауыш білім беру ПӘК )

  2. Колледж әкімшілігінің сабақтарға қатысу нәтижелерін талдау, маниторинг. (К.Г.Едресова, директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары)

Ағымдағы мәселелер

  1. Кейкі батырдың 100 жылдығына арналған облыстық «Квест тур» өткізілу барысы мен ұйымдастыру шаралары.

  2. Әдістемелік кеңеске колледж директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Едресова Камшат Галымжанқызы төрайымдылық жасады. Кеңесте «Бастауыш білім беру» ПӘК оқытушыларының әзірлеген шеберлік сыныбы өткізіліп, оқытушылардың критериалды білім беру саласындағы білімдері ортаға салынды. Күн тәртібінде қаралған мәселелердің бірі қазіргі таңда жасөспірііімдер мен жастар арасында белең алған «Булинг» мәселесі талқыланып, сабақ берудің озық үлгісін бақылауға арналған бақылау  маниторингі қорытындысы талқыланды. Маниторинг барысында анықталған фактілер бойынша, оқытушыларға қатаң ескерту беріліп педагогикалық кеңесте қарау ұсынылды.Колледж оқытушыларының бас қосқан алқалы кеңесте «WorldSkills» облыстық чемпионатының эксперттері сөз алып, нәтижеге жұмыс жасау жолдары талқыланды. Жаңа оқу жылында қатаң іріктеу өткізіліп, байқауға түпкілікті дайындау қаралды.

Әдістемелік кеңес талқыланған сұрақтар бойынша төмендегідей шешім шығарылды.

  1. «WorldSkills» облыстық чемпионатында жіберілген қателіктер ескеріліп, дайындық жұмысы белсендірілсін, алдағы оқу жылының қазан айында «WorldSkills» чемпионатының колледжішілік іріктеу кезеңі өткізілсін.

  2. «Булинг» мәселелесі бойынша алдын алу шаралары жалғастырылсын, берілген ұсыныстар назарға алынсын.

  3. Семнар практикумда ұсынылған «Критериалды бағалаудың» жаңа әдіс - тәсілдер қолданыста жалғасын тапсын, оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілсін.

  4. Сабақтарға қатысу талдау жұмыстары бойынша маниторинг нәтижесінде айқындылған кемшіліктер мен ұсыныстар ескерілсін.

Кәсіби біліктілік пен әдістемелік шеберліктің үйлесімділігі талқыланған әдістемелік кеңестің оқытушылар үшін мағызы зор болды.