Оқуға түсіп, қолдарына диплом алу — әрбір жастың алаулаған
арманы, үкілеген үміті. Маусым айының 27 ші жұлдызында Диплом табыстау кеші өтті.
Қазіргі таңда Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің бітіруші түлектері дәл осындай шаттыққа кенелуде.
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің директоры
Алматова Сандугаш Орекенқызы түлектерге сәт сапар тілей отырып, дипломдарын қолдарына табыстады.
Сонымен қатар колледжіміздің қоғамдық және ғылыми өміріне
белсенді қатысып, жастар саясатына өз үлестерін қосып, оқудағы жоғары көрсеткіштері үшін өнерлі, белсенді студенттерді алғыс хатпен және мадақтамамен марапаттады.
Түлектерімізге тек қана мықты денсаулық, мерейлі мақсат, жарқын болашақ және ақ жол тілейміз!
Алар асуларыңыз алыс, бағындыратын белестеріңіз биік бола берсің!
Колледж қабырғасында алған білімдеріңіз бен егемен еліміздің өркендеп дамуына елеулі үлес қосып,
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжін жоғарғы дәрежеден көрсетулеріңізге тілектеспіз.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1447-diplom-tabystau-keshi.html#sigFreeId3f18f9ab3c