Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

5 қыркүйек ҚР Тілдер мерекесіне орай колледжде іс-шаралар жалғасуда. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы А.Абжановтың ұйымдастыруымен 1-2 курс студенттері арасында "Тіл майталманы" атты зияткерлік сайыс өткізілді. Білім жарысына БМ-12, БМ-22, Муз-1 топтары қатысты. Сайыс барысында жарысқа түскен қатысушылар білім мен жылдамдықтарын көрсетіп, аламанға сай әзірліктерін көрсете алды.
Жанкүйерлер де өз топтарының білім биігінен көрінуі үшін аянып қалмады. Жарыс қорытындысы апта соңында жарияланатын болады.