«Еңбек күні» мерекесіне арналған іс шаралар жоспарына сәйкес бүгін 2023 жыл, 15 қыркүйек күні сағат 11-00-де Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде 1-2 курс студенттерімен «Менің жетістігім –менің нәтижем» атты мерекелік іс шара болып өтті.
Іс шараның мақсаты: колледжге көпжылдар бойы қызмет етіп зейнет жасына шыққан қызметкерлердің еңбек жолын насихаттау кейінгі жастардың назарын кәсіби еңбек адамдарына аудару.
Кеш қонақтары колледж қабырғасында көпжылдар бойы еңбек етіп,зейнет демалысына шыққан
Алматова Сандуғаш Орекенқызы
Елеупова Қуаныш Темирфайловна
Таскаева Людмила Петровна
Райымбекова Ботагоз Батырбековна
Айтмаганбетова Гулнара Каримовна
Бекмағанбетова Жанагул Әшімханқызы
Бағдарламаның басты кейіпкері колледжді 1997 жылдан бастап 15 жыл бойы басқарып, зейнеткерлікке шыққан, Қазақ ССР нің білім беру үздігі, ҚР білім беру беру үздігі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері,Филалогия ғылымдарының кандидаты, Арқалық педагогика институтының доценті, 40 астам тіл дидактикасы және орыс тілі өзекті мәселелерін көтерген ғылыми еңбектердің авторы, Арқалық қаласының 2004 ж«Жыл адамы»ұлағатты ұстаз Қолдасбаева Зина Шакировна шақырылды.
Шара бағдарламасында қонақтардың өмір жолы баяндалып, бейне үзік тамашаланды. Білімалушылармен еркін сұхбаттасу алаңы құрылып, студенттер кеш кейіпкерлерінің еңбектеріне ризашылығымен бөлісті. Қонақтарға арналған қызықты зияткерлік ойындар өткізіліп, Колледж оқытушыларының ардагер ұстаздарға шығарған достық әзілді өлеңдері оқылды. Кеш барысында ең қызықты сұрақ және ең ұшқыр ойлы білімалушыларымыз басты кейіпкердің қолынан естелік сыйлықтар алды.
Кеш бағдарламасында қонақтардан «Конақ кәде» сұралып қатысушы білімалушылармен бірге әсем ән, жанды дауыста орындалды.
Кеш соңында қонақтарға колледж кәсіподақ ұйымының атынан естелік сыйлықтар, алғыс хат пен шоқ гүлдер ұсынылды.
Аталмыш шараның кейінгі жастарға берер тағылымы зор, кеш кейіпкерлерінің өмір дастаны жастарға өмірлік өнеге.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1460-e-bek-k-ni-merekesi-tkizildi.html#sigFreeId5ecb8907b6