Білім кілті - кітапхана
«Кітапхана-рухани байлық мекені» қалалық әнбебап кітапханасы мен колледж кітапханасы бірігіп 1-курс студенттеріне арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Студенттер кітапханамен танысып,ұлы тұлғалардың шығармашылығымен таныстырылды.
Қыркүйектің 26 сы күні қалалық әмбебап кітапханасында Алты Алаштың ақыны-Файзолла Сатыбалдыұлының туғанына 140 жыл толуына орай әдеби кеш өтті.Асыл дініміз Исламның Тобыл-Торғай жерінде тамыр жайып кемелденуіне үлес қосқан, ел тұтқасы бола білген Файзолла Сатыбалдыұлының өмірбаяны, шығармашылыққа қалай келгендігі баян етілді.
Кеште Файзолла Сатыбалдыұлының шығармашылығы мен өлеңдері талқыланып студенттер өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.
Әдеби кеште 1 курс студентері Ғазезова Айгерім, Қабдуахит Гүлнар,Тлешбек Фарида,Сайлаубай Арайлым,Қанатқызы Ақару және Қырықбай Жазира Файзолла Сатыбалдыұлының өлең жырлары мен шығармаларынан үзіндіні оқыды. Сонымен қатар колледжіміздің 3 курс студенті Қабден Аңсаған қазақтың домбырасымен« Ерке сылқым» күйін орындады.
Әдеби кеш соңында ақынның кітаптары қойылған көрме ұйымдастырылды.
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1471-bilim-kilti-kitapkhana-kitapkhana-rukhani-bajly-mekeni.html#sigFreeIda5e1a17077