Біздің мекен-жай Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Арқалық қаласы Абай даңғылы 23 үй 8 (71430) 7-14-62 "Сенім телефоны: 8 (71430) 7-66-08. Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы «Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» жатақханасында бос орын саны: 24, төлем ақысы айына 12 000 теңгені құрайды.

Колледж жатақханасында «Қызықты көңіл, студенттік өмір» атты студенттік кеш өтті. Бұл кеш мектептен түлеп ұшып , үлкен студенттік өмірге алғаш қадам басып отырған жаңа студенттерді қарсы алу мақсатында ұйымдастырылды.Ұйымдастырылған кеште колледжіміздің ұстаздары мен жоғарғы курс студенттері көрермен болды.Кеште студенттер мен ұстаздар арасында әртүрлі қызықты ойындар өткізілді. Жеңімпаздарға өз сый сияпаттары табысталды.Өткізілген кешті 4 курс студенті Тұрар Жарқын мен Ғазезова Айгерім тізгіндеді.Концерттік бағдарламаны 1 курс студенті Балахмет Бекболсын өзінің қоңыр дауысымен ән орындап,ұлдар «флешмоб», қыздар заманауи бимен жалғастырды.Осы кешке барлық студенттер мен ұстаздар белсене қатысып ат салысты.Студент жастарымыздың жан-жақты, саналы, терең білімді, бәсекеге қабілетті болуы – қоғам сұранысы. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуы үлкен бір жетістік.Кеш барысында студенттер келген мұғалімдермен ойындар ойнатылып,кеш соңында Бұршақбай Серімжан мен Есімсейтов Абай әуенді ән орындап,әрі қарай би кешіне ұласты