Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің 2023-2024 оқу жылында «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-4 курс БМ-31, БМ-42 топтарының білім алушылары қаламыздағы Ш.Уәлиханов атындағы № 1жалпы білім беретін мектебі мен Кейкі батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектептерінде «Баланың мектептегі алғашқы күні» тақырыбындағы алғашқы педагогикалық тәжірибесінен өтті.
Педагогикалық тәжірибенің мақсаты-мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің сабаққа деген ынтасы мен зейінін зерттеу.
Тәжірибеге жауапты әдіскерлер Назарова Гулмира Куандыковна мен Оралбаева Салтанат Усербаевналар білім алушыларға әдістемелік көмек беріп, тәжірибенің жақсы өтуіне жауап берді.
Нургазиева Бакытира Акансериевна
директордың оқу өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1478-balany-mekteptegi-al-ash-y-k-ni-t-zhiribesi14.html#sigFreeId06c7fad30c