Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс БМ-32 тобы қаламыздағы Ш.Уәлиханов атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебінде 1-4 сыныптарда «Байқау» тәжірибесінен өтуде. Білім алушылар өздеріне бөлініп берген сабақ кестесі бойынша негізгі пәндерден сабақ беруде.
Мысалы: Математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану, жаратылыстану т.б. пәндерден. Әр топқа бөлінген әдіскерлер білім алушыларымыздың сабақтарына қатынасып, кеткен қателіктерін талдап, жұмыс жасауда.
Әдіскер Г.К. Оразова БМ-32 тобының білім алушылары Искаков Мұхамедқалидің 4 «А» сыныбында математика пәнінен өткізген сабағын, Абзалқызы Айдананың 1 «А» сыныбындағы «Д» дыбысы «Әліппе» сабақтарына үнемі дайындықпен келетіндегін, басқа білім алушыларға үлгі болатын, ізденімпаз білім алушылар екенін атап өтті. Машықкерлердің педагогикалық тәжірибесі жалғасуда.
Нургазиева Бакытира Акансериевна
директордың оқу өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары
https://tgk-arkalyk.edu.kz/kz/news-kz/1490-mekteptegi-baj-au-t-zhiribesi-4.html#sigFreeId769e7f1535